Саяси қысым күшейгендегі балама қарсылық түрлері
Адвокация деген не?

Сурет ашық дереккөздерінен
Қауымдастықты дамыту және әлеуметтік қозғалыстар бойынша сарапшы Құралай Жарқымбаева саяси қысым күшейгенде біз не істей аламыз деген сауалға «Human rights hub»-та өткен тренингте жауап іздеді.
Оның айтуынша балама адвокация билік тарапынан қысым күшейген кезде қолданылатын таптырмас шешім. Себебі автократты мемлекетте классикалық адвокацияны қолдану қауіпті саналады.
Адвокация (advocacy) – белгілі бір мәселені шешу үшін қоғамдық пікір қалыптастыру, саясаткерлер мен билік өкілдеріне ықпал ету, халықтың мүддесін қорғау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы.
Қауымдастық өз мәдениеті мен ерекшеліктерін ескере отыра өз балама адвокация тәсілдерін ойлап таба алады. Әр мемлекетте балама адвокация әрқилы болатыны сондықтан, деп түсіндіреді Құралай.
Ең алдымен, адвокацияға белгілі бір мақсат қою және одан ауытқымау керек. Егер тек форматына акцент қойып, ол адвокация мақсатқа жеткізбейтін болса, онда бұл адвокация болып саналмайды. Мысалы «лайк» басуды кейбіреулер балама адвокацияның бір түрі санайды. Алайда тек «лүпіл» басу оған жатпайды.
Балама адвокация критерийі:
· Нақты мақсат қою, одан ауытқымау;
· Аудиторияны анықтау. Оларды процеске қосуға болатын қауіпсіз тәсілдерді ойластыру;
· Месседждің қауіпсіздік деңгейін анықтай білу;
· Месседж формасының тиімділік деңгейін анықтай білу;
· Анонимдік, децентрализация, шифр тілін қолдану.
Осы уақытқа дейін зерттеліп, қолданыста болған адвокация түрлеріне тоқталсақ:
"Көрінбейтін мүсіндер"
Бұл дегеніміз қоғамдық орындардағы инсталляциялар. Мысалы билік көшедегі наразылықтарға тыйым салған кезде, белсенділер қуғын-сүргін тарихы бар сайттарға апаратын QR кодтары бар жасырын нысандар орнатуы.
Тақырыптар: Адам құқықтары, сөз бостандығы.
«Форум Театр»
Көрермендер оқиға барысын өзгерте алатын қойылымдар. Қойылымдар негізінде тұрмыстық көріністі баяндай келе ортасында көрермендердің ықпалымен саяси тақырыпқа ауыса қояды.
Тақырыптар: билік тарапынан зорлық-зомбылық, кемсітушілік, әйелдер құқығы.
"Үнсіз хор"
Адамдар қоғамдық орындарға жиналып, қолдарына наразылық әндерінің нота дәптерлерін алып, үнсіз тұрады.
Тақырыптар: Саяси қуғын-сүргін, жиналыс бостандығы.
Мектептердегі цензураға қарсы ата-аналар үйірмелері
Мұнда адвокация ата-аналар арасында жүреді. Яғни мектепте цензура болғанда, ата-аналар үйде және ата-аналар кеңесі арқылы инклюзияны талқылау арқылы бейресми топтар құрған.
Тақырыптар: білім, инклюзия.
Цирфлік және жасырын адвокация
Мемдер және кодталған хабарламалар
Мемдер мен тұспалдауларды қолдану.
Тақырыптар: саяси сатира, цензура.
Онлайн ойындар
Оған саяси астары бар бейне ойындар жатады. Мысалға танымал "Animal Crossing" ойынында репрессияға қарсы плакаттары бар аралдар жасауға болады. Кейін Қытайда ойынға тыйым салынды.
Тақырыптар: сөз бостандығы, наразылық.
"Көрінбейтін" маркерлері бар GPS карталары
Бұған кодтар бар онлайн карталар жатады. Мәселен Google Maps-тегі маркерлер арқылы қуғын-сүргінге ұшырағандар тұратын үйлерді немесе қауіпсіз кездесу орындары белгіленеді.
Тақырыптар: Саяси қуғын-сүргін, белсенділердің қауіпсіздігі.
Экологиялық адвокатура және наразылықтың балама түрлері
Ағаштар бағы
Жоғалған адамдарды еске алу үшін ағаш отырғызу. Айталық бұған дейін диктатура құрбандарын еске алу үшін адамдар қырғынға ұшыраған жерлерге ағаш отырғызған.
Тақырыптар: тарихи жады, адам құқықтары.
"Су Граффитиі"
Бірнеше сағаттан кейін жоғалып кететін жазулар. Наразылық білдірушілер ұрандарды жылы асфальтта сумен жазады. Мұның мәні ол жазулардың полиция келгенге дейін өшіп қалуында.
Тақырыптар: Цензура, репрессия.
Қоғамдық орындардағы "шағым кітабы"
Кафелер мен кіреберістердегі ашық дәптерлер. Адамдар сыбайлас жемқорлық пен әділетсіздік туралы жазбалар қалдырып, қарапайым заттарды адвокация құралдарына айналдырды. Бұл Украинада қолданылған балама тәсіл.
Тақырып: Сыбайлас жемқорлық, Адам құқықтары.
Құралай бұл балама адвокациялар көбіне Еуропа елдерінде қолданылып, солардың әдеп ғұрпы мен мәдениетінен туындағанын айтады. Ал біз басқа елден балама адвокацияны көшіріп ала алмаймыз. Сондықтан өзіміздің мәдениетіміз бен әдет-ғұрпымызға сай адвокация баламасын ойлап табуымыз қажет.
«Өзіміздің адвокацияны құру үшін алдымен бізге әлі де не нәрсе, кім және қай жер қауіпсіз екенін түсініп алу қажет. Екіншіден, біз неден қорқамыз, сол қорқыныш біздің балама адвокациямызда болмауы тиіс. Үшіншіден, біз қауымдастықтығымыздың ерекшелігін зерттеуіміз қажет. Яғни қандай әдет ғұрпымыз бар және оны қалай трансформациялай аламыз деген сұраққа жауап беру керек», - дейді ол.
Шараны өткізген «Еркіндік қанаты» Қоғамдық қоры.

Пікірлер жоқ.