Саясаттағы әйелдер жайлы 5 телехикая

Арасында Азия, Еуропа және Америка сериалдары бар


06/08/2020
15:57 2468 0

Саясаттағы әйелдер туралы әртүрлі жанрдағы сериалдар тізімін жасадық.

 


 

ҮКІМЕТ (Borgen), Дания, 2010–2013 

 

 

Елде танымал емес партия көшбасшысы Биргитте Нюборг күтпеген жерден Данияның премьер-министрі болып тағайындалады. Оның ендігі басты проблемасы — елдегі коррупция, иммиграция, халықаралық қатынастарды ретке келтіру және соның кесірінен отбасынан алыстамау. 

 

 «Үкіметті» қарауға тағы бір себеп — одан партиялардың сайлау алды теледебаттары қалай өтетін, медианың саясатқа қалай араласатын білуге болады. Қарап отырып, неге Қазақстанда осындай саяси интрига жоқ деп еріксіз ойланасыз. 

 

ТӘЖ (Crown), Ұлыбритания, АҚШ, 2016–

 

 

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета екенін білеміз, ал оның таққа қалай отырғанын, ол үшін нені құрбан еткенін білесіз бе? Оны «Тәж» сериалын қарап біле аласыздар.

 

Қазір жанкүйерлер төртінші маусымды асыға күтіп жүр. Себебі онда Елизавета мен Диана ханшайымның қарым-қатынасы баяндалмақ. 

 

МИССИС АМЕРИКА (Mrs. America), АҚШ, 2020

 

 

Сериал 1970 жылдардағы АҚШ-тағы феминизм мен консерватизм қақтығысы жайлы. Бас кейіпкердің бірі — дәстүрлі америкалық құндылықтарға жақтас заңгер Филлис Шлэфли. Ол көп жыл бойы Конгреске сайланамын деп шырпынып жүр. Бірақ ол өз ойынан қайтып, оның орнына Конституцияға әйелдер құқығын қорғайтын түзетулер енгізілуіне қарсы шығады. Ал оған «түзету енгізілсін» деген феминист әйелдер қарсы болады. 

 

ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ (Veep), АҚШ, 2012–2019

 

 

АҚШ сенаторы Селина Майерс вице-президент болам деген арманына жетті. Оған бәрі жаңа лауазымның қиын болатынын айтса да, бас кейіпкер өз дегенінен қайтпады. Алайда вице-президент болу шынымен де ауыр жұмыс екен. Мұны түсінген бас кейіпкер енді не істемек? 

 

СОНДОК ПАТШАЙЫМ, (Queen Seondeok), Оңтүстік Корея, 2009

 

 

Онда Силла деп аталатын көне кәріс елінің бірінші патшайымы Сондоктың таққа дейінгі және одан кейінгі өмірі баяндалады. 

 

Тарихи факт: Сондоктың жемісті билігінен кейін Силла ханшайымдарына таққа отыруға рұқсат берілді. 

 


 

Иллюстрация: Анар Бакенова

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

06/08/2020 15:57
2468 0

Уведомление