Сауалнама: АҚШ пен Еуропа халқының жартысы үшінші дүниежүзілік соғысты күтіп отыр

АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция тұрғындарының көпшілігі әлемде бес жыл ішінде үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы ықтимал екеніне сенеді.


13/02/2026
12:48 51 0

көрнекі фото: ЖИ/masa.media

 

Politico басылымы жүргізген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, АҚШ респонденттерінің 46%-ы, Ұлыбритания мен Франция азаматтарының 43%-ы, Германия респонденттерінің 40%-ы алдағы бес жыл ішінде үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін деп есептейді.

 

Қақтығыстардың таяп қалғанына сенім 2025 жылғы сауалнамамен салыстырған айтарлықтай өскен.

 

Сонымен қатар, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Канаданың кем дегенде әрбір үшінші тұрғыны алдағы бес жылда болатын ықтимал соғыста ядролық қару қолданылуы мүмкін деген ойда.

 

Сауалнама 6-9 ақпан аралығында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция және Германиядағы 10,3 мың ересек респонденттер арасында жүргізілген. Мамандардың айтуынша, статистикалық қателік небары 2% шамасында болуы мүмкін.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

13/02/2026 12:48
51 0

Уведомление