Самоделкина жанкүйерлерін қалай таңғалдырғалы жатқанын айтты
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жаттығу барысы, жарыстардағы бағдарламасын күрделендіру және алдағы халықаралық додаларға дайындығы туралы айтып берді.
Meta-ratings.kz мәліметінше, Самоделкина қазан айының соңында 29 қазан мен 1 қараша аралығында өтетін Skate Canada 2026 турниріне қатысады.
«Бағдарламаға үш айналымдық аксель қосуды жоспарлап отырмын. Оны орындауды біртіндеп меңгеріп келемін. Жаттығуда екі және үш айналымдық аксельді әртүрлі екпін алып, түрлі тәсілмен секіріп, көп пысықтадық. Аксельден бөлек, төрт айналымдық секірулерді де біртіндеп қалпына келтіріп жатырмын. Сальхов пен риттбергер әзірге сәтті шығып жүр. Ал тістемелі секірулерге әзірге кіріскен жоқпын. Жүктемені екі аяққа да бірдей түсіру үшін секірулерді алмастырып жаттығамын. Үш айналымдық аксельді Канададағы турнирде орындағым келеді», – деді қазақстандық спортшы.
Үш айналымдық аксель – мәнерлеп сырғанаудағы ең күрделі секірулердің бірі. Спортшы ауада үш жарым рет айналып, мұзға қайта қонуы керек. Бұл элемент «ультра-си» деп аталатын аса күрделі техникалық тәсілдер тобына жатады.
Софья Самоделкина 2024 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Биылғы қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, үздік он мәнерлеп сырғанаушының қатарына енді.
Бұған дейін Софья Самоделкинаның Денис Тен мемориалында үздік үштікке енгені хабарланған болатын.
09:28
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.