Сабуровтың досы Қазақстанға келгені үшін Ресейде концертсіз қалды
Ресейде белгілі әзілкеш Алексей Щербаковтың гастрольдік туры өтпейтін болды деп хабарлайды Masa media.
Билеттер қайтарылып жатыр
Mash мәліметінше, әртістің Ресей қалаларына жоспарланған турынан елдегі барлық шаһар алынып тасталған. Мәскеудегі жеке концерті де өтпейтін болды. Билет сатып алғандарға қаражат кері қайтарылып жатыр.
Әзілкеш 2 сәуір күні «Москва» концерт залында өнер көрсетуі тиіс болған. Билеттердің басым бөлігі сатылып кеткен. Алайда аяқ астынан концерт туралы анонс ақпараттық ресурстардың бәрінен алынып тасталды. Щербаковтың ресми сайтында да өңірлер бойынша жоспарланған бірде-бір концерт жоқ.
Сабуровты қолдауы
2024 жылы Ресей, Қазақстан, Беларусьтің 33 қаласын аралап, концерт өткізген әзілкештің аяқ астынан ресейлік өнер алаңдарынан шеттетілуін көпшілік Қазақстанға, досы Нұрлан Сабуровқа келуімен байланыстырады. Ресейге 50 жылға кіру құқығынан айырылған жолдасына қолдау көрсеткісі келген әзілкеш қиын жағдайға тап боларын сезбесе керек.
07:35
201
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.