Рим Папасы дін қызметкерлеріне уағызды ЖИ көмегімен жазуға тыйым салды
Оның айтуынша, нағыз уағыз – алгоритмдер емес, жеке рухани әңгіме.
Рим епархиясының дін қызметкерлерімен кездесуде Рим Папасы Лев уағыз дайындауда жасанды интеллектіні қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды Masa media Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Понтификтің айтуынша, уағыз – діни қызметкер мен қауым арасындағы сенімге негізделген жеке рухани әңгіме. Мұндай байланысты ешбір технология толық жеткізе алмайды. Сондықтан ол священниктерге өз қауымының тыныс-тіршілігін тереңірек танып, адамдармен тікелей қарым-қатынас орнатуды тапсырды.
Папа әсіресе жастармен байланысқа ерекше мән берді.
«Достық қарым-қатынас, бірге спортпен айналысу, өнер мен мәдени бастамаларға қатысу жастарға жақындаудың тиімді жолы. Осындай шынайы жүздесулер ғана рухани байланысты нығайтып, қазіргі қоғамның сұранысын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді», - деді ол кездесуде.
09:57
54
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.