Ресми: Елена Рыбакина – әлемнің үшінші ракеткасы
Қазақстандық теннисшісі Елена Рыбакина Australian Open финалына шыққаннан кейін Дүниежүзілік WTA рейтингіндегі жеке рекордын жаңартты.
Америкалық теннисшілерді басып озды
Спортшы рейтингте бесінші орыннан үшінші орынға көтерілді. Осылайша америкалық теннисшілер Аманда Анисимова мен Кори Гауффтың алдына шықты. Бұл 26 жастағы спортшының мансабындағы ең жоғары көрсеткіш және Қазақстан теннисінің тарихындағы ең ірі нәтижелердің бірі.
Тарихи жеңіс
Рыбакина – Мельбурнда жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық теннисші.
Жартылай финалда ол америкалық Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді. Финалда Қазақстан атлеті әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенкоға қарсы ойнап, жеңіске жетті.
Бұдан бұрын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оның шеберлігіне тәнті болып, алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жетуіне тілектестік білдірген.
11:18
337
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.