Референдумның түпкілікті қорытындысы жарияланды
Қазақстанда жаңа Конституцияның тағдырын шешуге 9 млн 127 мың 192 адам қатысты.
Толығырақ
Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституция жобасына қатысты референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды.
ОРК мәліметінше, 15 наурыз күні 9 млн 127 мың 192 адам немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың 73,12 пайызы дауыс берген.
Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап, дауыс берген азаматтар саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқан 7 млн 954 мың 666 адам немесе 87,15 пайыз болды.
– Референдумға қойылған мәселені қабылдамаған азаматтар саны – 898 099 адам. Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдер саны – 127 868. Белгіленбеген үлгідегі сондай ақ дауыс бергендердің ерік білдіруін айқындау мүмкін емес және жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 146 558. Республикалық референдум туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады, – деді Нұрлан Әбдіров.
Алдын ала нәтижелер
Айта кетейік, кеше Орталық референдум орталық комиссиясы республикалық референдумдағы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.
Оған сәйкес, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 млн 127 мың 197 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 73,12 пайызын құрады. Осылайша жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап, дауыс берген азаматтар саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқан 7 млн 954 мың 667 адам немесе 87,15 пайыз болды.
10:18
48
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.