Референдумға дайындық: ел азаматтары білуі тиіс басты шаралар

Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.


13/02/2026
12:20 219 0

Аумақтық және учаскелік комиссиялар құрамы

 

Референдум тағайындалған күннен бастап он күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 21 ақпаннан кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

 

Референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама

 

Әкімдіктер референдум тағайындалған күннен бастап он күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 21 ақпанға дейін жариялайды.

 

Үгіт-насихат

 

Референдум тағайындалған сәттен басталып, 2026 жылғы 14 наурыз сағат 00:00-де аяқталады.

 

Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдері

 

Тиісті әкімдер дауыс беру басталғанға дейін 20 күн бұрын, яғни 2026 жылғы 22 ақпаннан кешіктірмей, учаскелік комиссияларға азаматтардың тізімін акт бойынша ұсынуы тиіс.

 

Учаскелік комиссиялар дауыс беру күніне 15 күн қалғанда, яғни 2026 жылғы 27 ақпаннан кешіктірмей, азаматтардың тізімін танысу үшін ұсынады.

 

Дауыс беру уақыты туралы шешім

 

Аумақтық комиссиялар жекелеген учаскелерде дауыс берудің басталу және аяқталу уақытын өзгерту туралы шешімді дауыс беру күніне дейін кемінде он күн бұрын, яғни 2026 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей қабылдап, азаматтарға хабарлауы тиіс.

 

Азаматтарды хабардар ету

 

Учаскелік комиссиялар дауыс беру уақыты мен орны туралы ақпаратты кемінде он күн бұрын, яғни 2026 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей жеткізеді.

 

Дауыс беру

 

Дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді (егер өзге уақыт белгіленбесе).

 

Дауыстарды санау

 

Санау жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады. Санау мерзімі 12 сағаттан аспауы тиіс.

 

Қорытынды шығару

 

Әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша референдум нәтижелері екі күн ішінде шығарылып, 2026 жылғы 17 наурыздан кешіктірмей Орталық комиссияға ұсынылады.

 

Референдумның түпкілікті қорытындылары жеті күн ішінде, яғни 2026 жылғы 21 наурыздан кешіктірмей жарияланады.

 

Еске салайық, 11 ақпанда президент Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қойды.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

13/02/2026 12:20
219 0

Уведомление