Қордай, Мақтаарал, отшашу: 2020 жылы несімен есте қалады?

Жылды қорытындылайық


30/12/2020
12:55 8279 0


 

 

2020 жыл да бітіп қалды. Masa биыл болған атышулы (емес) оқиғаларды бір жерге жинады.

 

ҚОРДАЙДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ ЖАНЖАЛ

 

7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауылында қазақтар мен дүнгендер арасында төбелес болып, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жарақаттанды. Бірнеше үй мен кәсіп орны өртенді. Кейін 51 адам қылмыстық жауапқа тартылды.  

 

 

Қордай. Фото: azattyq.org

 

МАҚТААРАЛДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ

 

2 мамырда Өзбекстанның Сардоба су қоймасы жарылып, Мақтаарал ауданындағы бес ауылды су басты: 1 мыңға жуық үй жарамсыз боп қалды, 30 мыңнан аса адам жедел басқа жерге көшірілді. Кейін билік оларға үй салып беріп еді, бірақ олардың сапасына халықтың көңілі толмады.  

 

 

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы. Фото: forbes.kz

 

ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ КЕЗЕК

 

Маусым, шілде айларында Қазақстанда коронавирус індеті өршіп, дәріханаларда кезек көшеге дейін ұзарды. Вирусқа қарсы және қызу түсіретін дәрі-дәрмек барлық аймақта тапшы болды. Бұл билік пандемияға дайындала алмағанын ашып көрсетті. 

 

 

Фото: sputnik.kz

 

АЛМАТЫДАҒЫ КЕТТЛИҢ

 

16 желтоқсанда Алматыда Oyan, Qazaqstan қозғылысы мен тіркелмеген Демократия партиясы Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғалары құрбандарын еске аламыз деп көшеге шықты. Құқық қорғау органдары белсенділерді қоршап алып, үш сағат бойы аязда ұстады. 

 

 

Oyan, Qazaqstan белсенділерін полиция қоршап тұр. Алматы,  2020 жылғы 16 желтоқсан. Фото: the-village.kz

 

ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ЖОЙЫЛУЫ МҮМКІН

 

Қыркүйекте Қазақстан өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық келісімге қол қойды. Ал желтоқсанда соны парламент мақұлдады. Енді бұл келісімге президент қол қойса, Қазақстанда өлім жазасы жойылуы мүмкін. Бейресми дерекке сенсек, елде 1990 жылдан бері 536 адам атылған.

 


 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЛІМ ЖАЗАСЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

 


 

АСТАНАДАҒЫ ОТШАШУ

 

6 шілдеде астанада қала күніне орай салют атылды. Адам шығыны өскен кезде жасалған іс-шараға халық наразы болды. Астана әкімдігі «осылай медқызметкерлерді қолдап, халықтың көңіл-күйін көтергіміз келді» деді.  

 

42 500 ТЕҢГЕНІҢ МАШАҚАТЫ

 

Карантин кезінде мемлекет жұмыссыз қалғандарға айына 42 500 теңге жәрдемақы беріп отырды. Оны онлайн өтінішпен ала алмаған тұрғындар карантинге қарамай банктер мен пошта алдында ұзын кезекке тұрды.  



 

Қызылорда, 2020 жыл. Фото: azattyq.org

 

НАЗАРБАЕВТАР ӘР ЖЕРДЕ

 

Желтоқсанда «Азаттық радиосының» Назарбаев әулетінің шетелдегі қымбат үйлері туралы зерттеуі шықты. Оған сенсек, кейінгі 20 жыл ішінде экс-президент және оның туыстары АҚШ пен Еуропадан кемінде 785 миллион долларға жылжымайтын мүлік сатып алған. 

 

 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болаттың Каннадағы үйі. Фото: azattyq.org 

 

MASA ДЕГЕН МАСА ПАЙДА БОЛДЫ 

 

Тамызда Қазақстанның құқық жүйесі мен саясатын түсіндертін интернет басылым — masa.media іске қосылды. Алты айға жуық уақытта біз қазақша және орысша 478 мақала мен жаңалық жазып, 72 сөз түсіндірдік, 32 сұраққа жауап бердік. Оқырмандарымызға әлі айтарымыз бар. Бізге жазылыңыздар, сайтымызды таныстарыңызға көрсетіңіздер.

 

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

30/12/2020 12:55
8279 0

Уведомление