Путинцева Азиаданың күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Aichi-Nagoya 2026 жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы жекелей сында қола жүлдеге ие болды.
1 қазанда өткен жартылай финалда Путинцева Қытай өкілі Чжан Шуаймен кездесіп, 4:6, 2:6 есебімен есе жіберді. Осылайша қазақстандық теннисші финалға шыға алмай, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Путинцева ширек финалда Таиланд өкілі Мананчая Савангкаевты 6:3, 6:0 есебімен сенімді жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді.
Қазақстандық теннисшінің Азиададағы жарысы мұнымен аяқталған жоқ. Бүгін ол Анна Данилинамен бірге әйелдер арасындағы жұптық сынның ширек финалында Қытайдың Цзян Синьюй/Ян Чжаосюань жұбына қарсы ойнайды.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева мен Соня Жиенбаева жұптық сынның ширек финалында Гонконг өкілдері Юдис Чонг пен Коди Вонгпен кездеседі.
09:11
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.