Президенттің экс-кеңесшісінің өлімі: сот жабық режимде өтеді
Бүгін, 26 қаңтарда Астанада Ержан Бабақұмаровты өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтеді, деп хабарлайды Masa media.
17:55
53
0
Істі Көлбаева қарайды
Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі – «Адам өлтіру» бойынша жүргізілген.
Бұдан бұрын елорда сотының баспасөз қызметі істің материалдары Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа түскенін хабарлаған. Істі судья Айжан Көлбаева қарайды. Көлбаева бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы сот процесінен кейін Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де танымал судьяға айналды.
Бабақұмаровтың өлімі
Еске сала кетейік, Ержан Бабақұмаров өткен жылдың қазанында Астанада көз жұмды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол төбелес салдарынан мерт болған.
Ержан Бабақұмаров 2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етті. Ол Президент Әкімшілігі мен Үкімет құрылымдарында бірқатар жоғары лауазымдарды атқарған: мәдениет және ақпарат вице-министрі болды, министрліктің жауапты хатшысы қызметін атқарды, Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, сондай-ақ президенттің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2019–2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.