Прагадағы ӘЧ: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар қашан өнер көрсетеді
Чехия астанасы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Masa.media.
ISU Figure Skating World Championships 2026 ресми сайты жарыс кестесін жариялады.
Самоделкина мұз айдынына қашан шығады
Кестеге сәйкес, Қазақстан намысын қорғайтын мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның мұз айдынына шығатын уақыты:
25 наурыз, сәрсенбі күні әйелдер арасындағы қысқа бағдарламада өнер көрсетеді. Басталуы – Қазақстан уақытымен 15:30.
27 наурыз, жұмада Самоделкина мен өзге спортшылар еркін бағдарламаларын ұсынады. Басталуы – 22:00.
Қазақстандық спортшының басты қарсыластары қатарында: Каори Сакамото, Анастасия Губанова, Монэ Тиба, Ами Накаи, Эмбер Гленн және Изабо Левито бар.
Жиренбаевтың қарсыластары кім
Ал ерлер арасында Қазақстан атынан Диас Жиренбаев өнер көрсетеді. Ол 26 наурыз, бейсенбі күні қысқа бағдарламада сынға түседі. Жарыс 15:30-да басталады.
28 наурыз, сенбіде еркін бағдарлама өтеді. Басталуы – 16:30.
Алтын жүлде үшін таласта Адам Сяо Хим Фа, Ника Эгадзе, Даниель Грассль, Юма Кагияма және Илья Малинин сынға түседі.
10:50
78
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.