Полина Гагаринаның Астанадағы концерті тағы тоқтатылды

Ресейлік әншінің Астанада 5 сәуірге жоспарланған концерті тағы өтпейтін болды, деп хабарлайды Masa.media.


27/03/2026
19:24 27 0

Ұйымдастырушылар концерттің неліктен тоқтатылғанын түсіндірген жоқ. Айтуларынша, кештің өтпей қалуы әнші мен концерт өтетін алаңға байланысты емес. 

 

Бұған дейін билет сатып алған көрермендерге қаражат 14 күн ішінде автоматты түрде қайтарылатыны хабарланды.

 

Бұл — Полина Гагаринаның Қазақстанда концертінің алғаш рет тоқтатылуы емес. Өткен жылдың 27 қарашасында Астанадағы Конгресс-орталықта өтуі тиіс болған кеші де дәл осылай өтпей қалған еді.

 

Сол кезде әлеуметтік желілерде әншінің Қазақстанға келуіне қарсылықтың көп болған. Наразылық білдірушілер Ресейдегі әскери агрессиясын ашық қолдайтын әртістің Қазақстанда өнер көрсетуіне жол беруге болмайтынын айтты.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

27/03/2026 19:24
27 0

Уведомление