Парсы шығанағы елдері тұрғындарының 56%-ы – мигранттар: олар қайдан келген
Шамамен 62 миллион халқы бар Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесіне (GCC) мүше алты ел тұрғындарының жартысынан астамы –шетелдік жұмысшылар, деп хабарлайды Masa media Al Jazeera-ға сілтеме жасап.
Аймақ елдері – Бахрейн, Кувейт, Оман, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері – әлемнің түкпір-түкпірінен жұмыс күшін тартатын мемлекеттер. Бұл елдерде тұратын 35 миллион шетелдіктің басым бөлігі – Оңтүстік Азия мемлекеттерінің азаматтары.
Мигранттар қайдан келеді
Еңбек мигранттары Парсы шығанағы елдерінің экономикасында маңызды рөл атқарып келеді. Олар құрылыс саласында, қызмет көрсету секторында, үй қызметшісі, күзетші және тазалықшы болып еңбек етеді. Дәл осы жұмысшылардың еңбегі аймақтағы заманауи инфрақұрылымның қалыптасуына үлкен үлес қосты.
Сонымен қатар, өзге ел азаматтары аймақта банк ісі, қаржы, технология, инженерия, авиация, медицина және медиа салаларында көптен бері жұмыс істеп келеді. Олардың көпшілігі азаматтығын сақтағанымен, Парсы шығанағы елдерін өз үйіндей көреді.
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Global Media Insight аналитикалық компаниясының дерегінше, Парсы шығанағы елдерінде тұратын шетелдіктердің ең ірі он тобы мына елдерден келген:
• Үндістан — 9,1 млн
• Бангладеш — 5 млн
• Пәкістан — 4,9 млн
• Мысыр — 3,3 млн
• Филиппин — 2,2 млн
• Йемен — 2,2 млн
• Непал — 1,2 млн
• Судан — 1,1 млн
• Сирия — 694 мың
• Шри-Ланка — 650 мың.
Сауд Арабиясы

Сауд Арабиясы – аймақтағы ең ірі мемлекет, халқы шамамен 37 миллион адам.
Соның ішінде:
• 20,5 млн — ел азаматтары
• 16,4 млн — шетелдіктер.
Елдегі шетелдіктердің ең ірі топтары:
• Бангладеш — 2 590 000
• Үндістан — 2 310 000
• Пәкістан — 2 230 000
• Йемен — 2 210 000
• Мысыр — 1 800 000
• Судан — 1 000 000
БАӘ
Біріккен Араб Әмірліктерінің халқы шамамен 11,3 миллион адам, Парсы шығанағы елдері ішінде халық саны бойынша екінші орында.
Мемлекет жеті әмірліктен тұрады: Абу-Даби, Дубай, Шарджа, Аджман, Умм-әл-Кувейн, Рас-әл-Хайма және Фуджейра.

фото: wikipedia.org
Ел халқының:
• шамамен 12 пайызы — азаматтар
• 88 пайызы — шетелдіктер.
Ірі шетелдік қауымдастықтар:
• Үндістан — 4 360 000
• Пәкістан — 1 900 000
• Бангладеш — 840 000
• Филиппин — 780 000
• Иран — 540 000
• Мысыр — 480 000.
Кувейт
Кувейтте халық саны шамамен 4,8 миллион адам.
• 1,56 млн — ел азаматтары
• 2,16 млн — шетелдік жұмысшылар.

фото: Shutterstock
Ірі шетелдік топтар:
• Үндістан — 1 000 000
• Мысыр — 700 000
• Бангладеш — 350 000
• Филиппин — 250 000
• Пәкістан — 200 000
• Непал — 120 000.
Оман
Оман халқының саны шамамен 4,7 миллион адам.
• 2,5 млн (59%) — ел азаматтары
• 2,05 млн (41%) — шетелдік жұмысшылар.

фото: matteocolombo.com
Мигранттардың басым бөлігі мына елдерден:
• Үндістан — 766 735
• Бангладеш — 718 856
• Пәкістан — 268 868
• Мысыр — 46 970
• Филиппин — 45 213
• Уганда — 20 886
Қатар
Қатарда шамамен 3,2 миллион адам тұрса, оның 88%-ы мигранттар:
• 2,87 млн — шетелдік жұмысшылар
• 330 мың — ел азаматтары (12%).

фото: azan-syzran.ru
Шетелдік жұмысшылардың басым бөлігі 6 мемлекеттен:
• Үндістан — 700 000
• Бангладеш — 400 000
• Непал — 400 000
• Мысыр — 300 000
• Филиппин — 236 000
• Пәкістан — 180 000
Бахрейн

фото: Shutterstock
Бахрейнде небәрі 1,58 миллион адам тұрады. Ел азаматтары халықтың жартысынан сәл аз бөлігін құрайды. Қалғаны — мигранттар:
• Үндістан — 350 000
• Бангладеш — 150 000
• Пәкістан — 120 000
• Филиппин — 80 000
• Мысыр — 60 000
• Непал — 35 000.
06:37
107
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.