Оңтүстік Кореяда зауытта істейтін қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті
Оңтүстік Кореяда тұрмыстық тауарлар өндіретін зауытта өрт шығып, сонда жұмыс істейтін қазақстандық жоғалып кетті.
Екі азамат жоғалды
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, өрт 30 қаңтар күні Солтүстік Чхунчхон провинциясындағы зауыттан шыққан. Кәсіпорындағы сексеннен аса қызметкер эвакуацияланған. Екі азамат жоғалып кетті. Олардың бірі – Қазақстан азаматы.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, 31 қаңтарда соң зауыттан мәйіт табылды. Сарапшылар қайтыс болған адамның жеке басын анықтау үшін ДНҚ талдауын және басқа процедураларды жүргізіп жатыр.
СІМ мәлімдемесі
Қазақстанның Сеулдегі елшілігі жағдайды ерекше бақылауға алғаны хабарланды. Дипломаттар жергілікті жедел қызметтермен және полициямен үнемі байланыста.
«Біздің өкілдеріміз жоғалған Қазақстан азаматының туыстарымен байланыс орнатып, оларға қажетті ақпараттық және консулдық қолдау көрсетеді», – деп толықтырды СІМ баспасөз қызметі.
17:48
369
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.