Отбасы институтының әлсіреуі: қазақ жанұяларын біріктіру мұғалімдерге жүктелді

Ел мектептерінде отбасылық дәстүрлерді насихаттайтын және ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын сабақтар өтіліп жатыр, деп хабарлайды Masa media.


04/03/2026
17:24 34 0

Отбасылық тәрбие клубтары

 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының базасында жұмыс істейтін «Даналық мектебі» отбасылық тәрбие клубтарының жүйелі жұмысы жалғасып жатыр. Бұл клуб отбасы мен мектеп серіктестігін нығайтады дейді шенеуніктер.

«Клуб отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтуге, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға және ұлттық тәрбие құндылықтарын сақтауға бағытталған алаң ретінде қызмет етеді», – делінген ақпаратта.

Клуб жұмысы аясында «Әке өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы» бағыттары бойынша кездесулер, тренингтер және тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.

 

«2025-2026 оқу жылының басынан бері клуб аясында шамамен 33 мың іс-шара ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында сабақтардың мазмұны заманауи тәрбиелік міндеттерді ескере отырып жаңартылды», – делінген министрлік мәліметінде.

 

Қазақстанда ажырасулар көбейді

 

Қазақстан мектептерінде мұндай жұмыстардың белсенді жүргізілуін сарапшылар елімізде отбасы институтының әлсіреуімен байланыстырады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан аралығында елде ажырасқан жұптар саны саны 11,9 пайызға өсіп, 45,5 мыңға жеткен. Салыстырсақ, 2020–2023 жылдары бұл көрсеткіш әдеттегіден әлдеқайда төмен болып, жылына 17–22 мың ажырасу шамасында ғана болған. Ал 2024 жылы статистика күрт өсіп, 2025 жылы да бұл үрдіс жалғасты.

 

Қалаларда әр 100 некеге шамамен 43 ажырасудан келеді. Ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш төменірек — 100 некеге шамамен 32 ажырасу. Дегенмен ауылдарда да жаңа некелер саны азайып,  ажырасу көбейе түскені байқалады.

 

фото: ЖИ

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

04/03/2026 17:24
34 0

Уведомление