Олимпиада-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады
Бүгін қазақстандық спортшылар Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынауды жалғастырады, деп хабарлайды Masa media.
Жарыс жолына кімдер шығады?
Олимпиадалық бағдарламаның едәуір бөлігі артта қалғанына қарамастан, Қазақстан құрамасы 16 ақпанда да ел намысын қорғау үшін жарысқа шығады. Бүгін бес спортшымыз үш спорт түрінен өнер көрсетеді. Олардың қатарында ойындардың ашылу салтанатының ту ұстаушысы Денис Никиша бар.
ҰОК хабарлағандай, қатысушылар құрамы мен жарыстар тәртібі бекітілді, ал барлық жарыстар күннің ресми олимпиадалық бағдарламасы аясында өтеді.
Жанкүйерлер қазақстандық спортшылардың өнерін тікелей эфирде тамашалай алады. Жарыстардың телевизиялық көрсетілімдерін Qazaqstan, Qazsport, «Хабар», Jibek Joly арналарынан көруге болады.
Қазақстан құрамасы нешінші орында?
Өткен жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Олимпиаданың жалпы медальдық есебінде 15-ші орыннан 17-ші орынға түсті. Әзірге ел қоржынында мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров салған жалғыз алтын бар.
09:54
110
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.