Құны – 293 млн теңге: Алматыдағы элиталық пәтерлер күштік құрылымдарға берілген

Алматыдағы элиталық таунхаустардағы құны 3 млрд теңгеден асып жығылатын пәтерлер (Esentai City) қауіпсіздік қызметкерлеріне тегін берілген, деп хабарлайды Masa Media.


12/01/2026
14:06 86 0

Мемлекеттік аукцион сайтындағы ақпарат бойынша, пәтерлер бұған дейін Алматы қаласындағы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік департаментінің меншігінде болған.

 

Пәтерлердің құны қанша?

 

Баға бағалау есептеріне сүйенсек, сақшыларға үлестірілген пәтерлердің жалпы саны – 20. Олардың ауданы 120 шаршы метрден 300 шаршы метрге дейін жетеді. Құнына келсек, ең арзаны – 142 150 074 теңге тұрса, ең қымбатының бағасы – 293 318 015 теңге.

 

 

 «За нами уже выехали» телеграм-арнасының жазуынша, пәтерлердің 16-сы мемлекеттік органдарға беріліп қойған. Сауда-саттық қаңтар айының басында жүзеге асқан, ал қалған төрт пәтер енді үлестірілетін сияқты. Даулы үйлер қауіпсіздік қызметкерлеріне қандай мақсатта берілгені белгісіз. Іші тіпті сыланбағанын ескерсек, жөндеу жұмыстарына біраз қаржы кетері анық. Алайда оның бәрі кімнің есебінен жүргізілетіні де беймәлім.

 

 

Атышулы кешен

 

Esentai City – Алматыдағы премиум-санатты элиталық тұрғын үй кешені. Есентай өзенінің жағалауында, Әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан. Мұнда қалталы азаматтар үшін қымбат таунхаустар, виллалар, пәтерлер және коммерциялық алаңдар бар. Жоба «қала ішінде қала» концепциясы бойынша жасалған.

 

Ағайынды Елдос пен Айдос Қоспаевтар басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топ салдарынан бір кездері Esentai City-дің аты «аспандап» шыға келген еді. Бұл қылмыстық топ  Esentai City-мен байланысты компанияларды жасырын құрылымдар, өзара байланысты тұлғалар және пәтерлерді жақын адамдардың атына рәсімдеу арқылы басқарған. Осылайша жүздеген жылжымайтын мүлік нысандары қылмыстық топ мүшелерінің қолына өтті.

 

Тергеу нәтижесінде жылжымайтын мүліктердің төмен бағамен сатылғаны анықталды. Жоба шығыны 20 млрд теңгеден асып жығылады.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

12/01/2026 14:06
86 0

Уведомление