Министрлердің көз алдында жасалған: Тоқаев екі саладағы алаяқтық схемалары жайлы айтты
Үкімет отырысында Тоқаев денсаулық сақтау саласында 30-дан астам ақпараттық жүйенің жеке-жеке жұмыс істейтінін сынға алды. Оның сөзінше, мұны айтудың өзі ыңғайсыз.
Бюджетті жымқыру
Президенттің айтуынша, ақпараттық жүйелер бірізді жұмыс істемегендіктен бюджет қаржысын жымқыру көп. Оның ауқымы да таңғалдырады дейді Тоқаев.
«Салалық министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық істер жасалғаны таңғалдырады. Оның үстіне бұл әлеуметтік салада орын алып жатыр. Бас прокуратура мен басқа да өкілетті органдар қылмыстың қашан жасалғанына, оны кімдердің жасырғанына қарамастан, істі егжей-тегжейлі тексеріп, ақиқатты анықтауға міндетті. Тергеу процесін өз бақылауымда ұстаймын», – деп атап өтті ол.
Үкіметке тапсырма
Мемлекет басшысы үкіметке 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құруды тапсырды. Ол барлық сектордағы үдеріске бақылау жасап, басынан аяғына дейін қадағалап отыратындай жүйе болуы керек.
14:20
371
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.