Креатив алаңы: қазақстандықтар референдум көрігін қалай қыздырып жатыр

Бүгін ел бойынша өтіп жатқан республикалық референдум тек маңызды саяси науқан ғана емес, сонымен қатар түрлі креатив пен ерекше бастамаларға толы күнге айналды.


15/03/2026
11:26 66 0

Қазақстандықтар дауыс беру учаскелеріне әртүрлі образда келіп, көпшіліктің назарын аударып жатыр.

 

Мәселен, Қостанай облысында бір тұрғын сайлау учаскесіне Қыдыр ата бейнесінде келсе, басқа өңірлерде азаматтар ұлттық нақыштағы киімдер мен мультфильм кейіпкерлерінің костюмдерін киіп, дауыс берушілерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

 

Астанадағы учаскелердің бірінде ерекше «образда» келген бойжеткен әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Ол дауыс беруге ақ халатпен, басына сүлгі орап келген. Тіпті жанында шағын робот-иті де бар. Қала тұрғындары бұл көріністі қызығушылықпен тамашалап, видео желіде кең тарады.

 

 

Ал Алматы облысында тұрғын Дарын Адай референдумға өзімен бірге шағын робот алып келді. Ерекшелігі – робот қазақтың ұлттық костюмін киіп алған. Қатысушылардың қызығушылығын тудырған бұл «қонақпен» көпшілік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Оның айтуынша, роботты алып келудегі мақсаты – технологияның мүмкіндігін көрсету әрі адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлау.

 

 

Елордадағы №317 учаскеде де таңғаларлық көрініс байқалды. Дауыс беруге алғашқылардың бірі болып «Бодрость» қысқы жүзу клубының мүшелері келді. Олар учаскеге футболкамен келіп, көпшілікті таңғалдырды. Клуб мүшелері дауыс бергеннен кейін бірден мұздай суға шомылуға аттанатынын айтты.

 

 

Ал Алматыда әлеуметтік желілерде танымал жасанды интеллект кейіпкері – барыс Әділет те референдум тақырыбындағы бейнеролик арқылы символикалық түрде «дауыс берді». Цифрлық кейіпкер қатысқан видеолар қысқа уақыт ішінде желіде кең тарап, әсіресе жастардың қызығушылығын тудырды.

 

 

Референдум күні Қонаев қаласында да ерекше шара өтті. Қаланың құрметті азаматы, кәсіпкер Мұрат Сіргебаев ретрокөліктерден құралған автошеру ұйымдастырды. Қала көшелерімен жүрген көне автомобильдер тұрғындардың назарын аударып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

 

Айта кетейік, референдум ел бойынша таңғы 07:00-де басталды. Алматы мен Астанада алғашқы болып келген дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар табысталды. Ал алғашқылардың қатарында дауыс берген шенеуніктер арасында Ерлан Қарин, Ерлан Қошанов және Олжас Бектенов те бар.

 

Фотолар әкімдіктердің баспасөз қызметтерінен алынды.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

15/03/2026 11:26
66 0

Уведомление