Күн сайын 87 бала Таяу Шығыстағы соғыс зардабын тартады – ЮНИСЕФ
Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс басталғалы бері 2,1 мыңнан астам бала қаза тапқан немесе жараланған. Бұл туралы ЮНИСЕФ атқарушы директорының орынбасары Тед Чайбан мәлімдеді.
Қорқынышты статистика
– Қақтығыс салдарынан 2 100-ден астам бала қыршынынан қиылды немесе жараланды. Оның ішінде Иранда 206, Ливанда 118, Израильде төрт, Кувейтте бір бала мерт болды. Бұл ресми деректер, бірақ зорлық-зомбылық жалғасқан сайын зардап шеккендер саны арта береді. Орта есеппен күніне шамамен 87 бала зардап шегеді, – деді Тед Чайбан Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде журналистерге берген сұхбатында.
Шиеленіс салдарынан халық жаппай қоныс аударуға мәжбүр. Иранда 3,2 млн адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болса, оның 864 мыңы — балалар. Ливанда 1 млн-нан астам адам, оның ішінде шамамен 370 мың бала көшіп кеткен. Көптеген отбасы мектептер мен қоғамдық ғимараттарға орналастырылған.
Таяу Шығыстағы шиеленіс
Еске салайық, 28 ақпанда таңертең АҚШ пен Израиль күштері Иранды атқылады. Сенбі күні таңертең Тегеран орталығындағы резиденцияға жасалған соққыдан аятолла Әли Хаменеи мен оның отбасы мүшелері мерт болды. Ел билігі бастапқыда оның қаза тапқанын жоққа шығарып, 1 наурызға қараған түні ғана растады.
Қарымта әрекет ретінде Иран Таяу Шығыс елдеріндегі америкалық базаларды, сонымен бірге Израильді де атқылай бастады. БАӘ, Катар және Бахрейнге соққы жасады. Абу-Даби және Дубай әуежайларына шабуылға ұшырады.
фото: culture.ru
12:10
74
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.