Инстаграмдағы саясат жайлы 8 қазақстандық аккаунт

Мем, иллюстрация мен комикстер. Бірге күліп, жылау үшін кімге жазылу керек?


19/08/2020
11:57 3655 0

Біз саясат, әлеуметтегі мәселелер мен құқық жайлы мем, комикстер мен карикатуралары бар инстаграмдағы сегіз қазақстандық аккаунт тізімін жасадық. 

 


 

 

@alpystogyz

 

 

Қазақстандық мемдердің патшайымы. Азаматтардың мәдени ерекшелігінен бастап мемлекеттік бағдарламалар туралы қалжыңдайтын аккаунтардың бірі. Онымен бірге президент, әкімдер, шоу бизнес жұлдыздары мен қарапайым қазақстандықтарды кекетеміз. 

 

 

@kiyelitezek

 

 

 

Мұнда классикалық суреттердің кейіпкерлері қазақша сөйлейді. Мемдері біраз абсурд болып көрінуі мүмкін, бірақ әдемі суреттелген. Әзілмен сусындап қоймай, біліміңізді де арттыруға болады — автор үнемі туындылардың атауы мен авторы кім екенін көрсетеді. 

 

 

@qonandoyle

 

 

 

Тоқаев пен Путин «Ұлы Гэтсби» кейіпкерлері секілді сөйлеп, Елбасы «А что было дальше?» шоуына келеді. Қалай? Бұл түс те, сандырақ та емес. Ол — Abay QonanDoyle-дың саясат пен поп мәдениетті байланыстыруының нәтижесі. Ал біз не істейміз? Әрине, лайк басамыз. 

 

 

@zikibay

 

 

 

Аккаунт иесі — Ерден Зікібай есімді суретші. Онда ол тарихи оқиғаларды туралы сөз қозғап, олардың қазіргі заманға әсері туралы ой жүгіртеді, әлеуметтегі мәселелерге назар аудартып, алалау жайлы айтады. Мысалы, сексизм және нәсілшілдік. Туындыларға сипаттама қазақ, орыс және ағылшын тілінде беріледі.

 

 

@shapalaque 

 

 

 

Биосында «бьют по больному с юмором» деп жазылған. Иә, шынымен де солай. Авторлар әділетсіз заңдар, жемқорлық пен әлеуметтік теңсіздік туралы әзілдейді. Былтыр сіз «Тақтар таласы» стиліндегі интернетте жер жарған қазақстандық саясаткерлердің портретін көрген шығарсыз. Міне, сол туындылар Le Shapalaque-тікі.  

 

 

@muratdilmanov

 

 

 

Мұрат Дильманов — атақты Ұятмен мен басқа да бірден көзге түсер кейіпкерлерді ойлап тапқан суретші. Полиция бассыздығын иллюстрациялап, Қазақстан және әлем саясаткерлеріне карикатура жасайды.

 

 

@inkazakhstanwedont

 

 

 

 

Авторлар қанға сіңіп кеткен «қазақстандық» тіркестер туралы әлемге танымал «They don’t say ... They say ... And I think that’s beautiful» мемін қолданып, әзілдейді. Бізің ойымызша да, that’s beautiful. 

 

 

@ashyq_aspannn

 

 

 

Бұл аккаунт жастар өмірі туралы мемдер жасайды. Онымен қоймай мемлекеттік аппаратты, үкіметтің COVID-19-ға қалай төтеп бергенін кекетеді.

 


 

Иллюстрация: Анар Бакенова

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

19/08/2020 11:57
3655 0

Уведомление