Францияда сайлаудан кейін орманнан мэрдің мәйіті табылды

Ол муниципалдық сайлаудың алғашқы турында жеңіліс тапқан, деп хабарлайды Masa media.  


17/03/2026
06:23 62 0

Францияның Вьодос-Абанс-де-Ба атты шағын елді мекенінің мэрі Кристиан Берсаит муниципалдық сайлаудың алғашқы турынан кейін орманнан өлі күйінде табылды.

 

Шамамен 750 тұрғыны бар елді мекенде өткен сайлауда оның қарсыласы 55,5% дауыс жинаған. Дауыс беру 15 наурыз күні өткен.

 

Le Figaro басылымының По қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлауынша, сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін мэр сайлау комиссиясынан шығып кеткен. Содан кейін байланысқа шықпай қойған.

 

Туыстары оның үйінде сақталған пневматикалық мылтықтың жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Келесі күні Берсаиттің денесі елді мекен маңындағы орман алқабынан табылған.

 

Оқиғаға байланысты По қаласының прокуратурасы тергеу жұмыстарын бастады.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

17/03/2026 06:23
62 0

Уведомление