Эпштейн шырғалаңы: Ұлыбритания премьері отставкаға кетпейтінін мәлімдеді

Ұлыбритания Үкіметінің басшысы Кир Стармер АҚШ-та елші қызметіне Питер Мандельсонның тағайындалуына қатысты жанжалға қарамастан, қызметінен кетпейтінін мәлімдеді.


10/02/2026
10:43 424 0

Оқиғаның мән-жайы

 

Бұдан бұрын Питер Мандельсонның қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысы болғаны жөнінде айыптаулар айтылып, қоғамда үлкен резонанс туғызған еді.

 

Алайда Reuters агенттігінің жазуынша, Кир Стармер бұл дау оның қызметтен кетуіне себеп бола алмайды деп есептейді. Оның пікірінше, үкімет қазіргі уақытта елді дамытуға күш салуы керек.

 

– Біз саясаттың ізгі күш бола алатынын дәлелдеуіміз керек. Мен бұған сенемін. Осы сәттен бастап алға жылжимыз. Елді өзгерту жолындағы жұмысымызды сенімді түрде жалғастырамыз, – деді премьер-министр.

 

Максуинидің мәлімдемесі

 

Еске салайық, бұдан бұрын Ұлыбритания премьерінің аппарат басшысы Морган Максуини отставкаға кеткен еді. Оның бұл шешімді қабылдауына Питер Мандельсонды АҚШ-тағы елші қызметіне тағайындауға байланысты жанжал түрткі болған. Максуини өз мәлімдемесінде бұл тағайындауды қате шешім деп атап, жауапкершілікті өз мойнына алған.

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

10/02/2026 10:43
424 0

Уведомление