Эпштейн ісі, ICE әрекеттері, тұрақсыз саясат: Трамптың рейтингі күрт төмендеді

АҚШ-та президенттің жұмысына қанағаттанбайтындар қатары артты, деп хабарлайды Masa media.


13/02/2026
10:05 214 0

RealClearPolitics порталының мәліметтеріне сілтеме жасаған BILD басылымының жазуынша, америкалықтардың тек 42,1% -ы оның президент ретіндегі жұмысына қанағаттанған, ал 55,2% -ы көңілі толмайтындарын жеткізген. Трамп ұстанымына наразылықтың көбеюіне әсер еткен негізгі фактор – федералды иммиграция агенттерінің әрекеті.

 

Әлеуметтанушылардың айтуынша, Трамптың халық алдындағы беделі күннен күнге төмендеп барады. Қаңтар айының ортасында, президенттігінің мерейтойы қарсаңында, оның сауалнамалардағы көрсеткіші ең төменгі деңгейді көрсетті.

 

Бірнеше ай бойы бүкіл ел бойынша ICE әрекеттеріне қарсы наразылықтар өтті. Қаңтар айының соңында акциялардың бірінде АҚШ азаматы Алекс Претти атып өлтірілді, ол наразылық акциясына мылтықпен келген. ICE қызметкерлері өзін-өзі қорғау мақсатында оқ атқандарын мәлімдеді. Ал осы айдың басында ICE қызметкерінің қолынан АҚШ азаматы Рене Гуд қаза тапты.

 

NBC News-тің жаңа сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 49%-ы Трамптың шекараны қорғау және иммиграция саясатын «түбегейлі» қабылдамайды. Өткен жылдың жазындағы бұл көрсеткіш 38% болса,  2025 жылдың сәуірінде 34% болатын.

 

Сарапшылар Трамптыңел алдындағы беделіне Эпштейн ісінің материалдары, тұрақсыз сыртқы саясат және АҚШ-та өмір сүру құнының қымбаттауы да теріс әсер еткенін айтады..

 

 

 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

13/02/2026 10:05
214 0

Уведомление