Эпштейн ісі: АҚШ Конгресі Хиллари Клинтоннан 6,5 сағат бойы жауап алды
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Конгресс алдында атышулы қылмыскер Эпштейнмен байланысы жөніндегі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Masa media.
Жабық режимдегі жауап алу
CNN-нің жазуынша, заң шығарушылар Хиллари Клинтоннан сотталған қаржыгер Джеффри Эпштейнмен Клинтондар отбасының қандай байланысы барын егжей-тегжейлі сұраған. Жабық форматтағы жауап алу 6,5 сағатқа созылған.
Хиллари Клинтон Эпштейннің әрекеттері туралы ешқандай ақпараты болмағанын алға тартты. Десе де, қойылған әрбір сұраққа барынша толық жауап бергенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ қылмыскермен ешқашан кездеспегенін әрі онымен байланыс орнатпағанын атап өтті.
«Джеффри Эпштейнді танымаймын» деп қанша рет айтуыма тура келгенін білмеймін», – деді ол журналистерге.
Десе де, Клинтон Эпштейннің қылмыстарына байланысты сотталған Гислейн Максвеллді танитынын мойындады. Оның айтуынша, Максвелл 2010 жылы қызы Челси Клинтонның үйлену тойына «шақырылған қонақтардың бірінің серігі ретінде» келген.
Эпштейн ісі
Еске салайық, Джеффри Эпштейннің ісі – ХХІ ғасырдың ең даулы оқиғаларының бірі. 2008 жылы кәмелетке толмағандарды жыныстық зорлық-зомбылық және оларды адам саудасына тартты деген айыппен сотталған Эпштейн 2019 жылы Нью-Йорк түрмесінде қайтыс болғанымен, оның артында қалған материалдар әлемді әбден дүрліктірді. АҚШ Әділет министрлігі 2025-2026 жылдары «Эпштейн ісі» деп аталатын миллиондаған құжатты, видеоны және суретті жариялап, қоғамға бұрын жасырылып келген деректерді ашық таныстырды.
Эпштейн файлдары – бұл адам саудасы, жыныстық қанау және ықпалды тұлғалармен байланыстар туралы 3 миллионнан астам парақ құжат, 2000-ға жуық бейне және 180 000-нан астам суреттердің жиынтығы. Жарияланған материалдардың ішінде Эпштейн мен оған жақын адамдардың қарым-қатынасы, бизнес және саяси элита арасында жүріп жатқан өзара байланыстардың кейбірі көрінеді.
фото: bbc.co.uk
11:16
50
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.