Емі жоқ індет: Қазақстанға Нипах вирусынан қауіп бар ма?

Үндістанда Нипах вирусының таралуына байланысты мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейді.


26/01/2026
17:29 43 0

Министрліктің мәлімдемесі

 

«Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады. Осы инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізбесі тұрақты негізде қайта қаралады және жаңартылады», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

 

Барлық медициналық ұйымдарға арнайы ескерту берілген. Егер елге инфекция келе қалса, жедел жәрдем бригадалары мен инфекциялық ауруханалар кез келген уақытта науқастарды қабылдауға дайын дейді министрліктен. Әзірге Нипах вирусымен ауырған қазақстандықтар тіркелмеген.

 

Жолаушыларға ескерту

 

Мамандар вирус тарап жатқан елдерге сапар шегетін жолаушылар жеке бас гигиенасын қатаң сақтауды ескертті. Егер шетелден оралғаннан кейін қызу, бөртпе, жөтел сияқты белгілер байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

 

Бұл қандай вирус?

 

Дәрігерлердің айтуынша, Нипах вирусы – емі жоқ, өлім-жітім деңгейі жоғары инфекция. Вирус адамға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан жұғады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы берілуі мүмкін. Бұл аурумен ауырған жоғары температура, бас ауруы, жалпы әлсіздік, ал ауыр жағдайларда орталық нерв жүйесінің зақымдалуы, пневмония болуы мүмкін. Әзірге бұл вирусқа қарсы вакцина жоқ.

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

26/01/2026 17:29
43 0

Уведомление