Элиталық мектептегі буллинг пен суицид: қылмыстық іс тоқтатылды
Алматыда мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсауға оқталуына қатысты іс бойынша тергеу аяқталды. Құқық қорғау органдары буллингке ешқандай дәлел табылмағанын мәлімдеді.
көрнекі фото: cpdonline.co.uk
Істің мән-жайы
Бұдан бұрын Алматыдағы QSI жеке мектебінің оқушы суицид жасағаны жөнінде оның әкесі, кәсіпкер Қанат Амиркин хабарлаған. Оның айтуынша, қызы бірнеше рет буллингке ұшыраған, салдарынан өзіне қол жұмсамақ болған.
Осы факті бойынша «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық қылмыстық іс қозғады. Алайда Наурыздбай аудандық полиция басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында оқушының буллингке ұшырағанына дәлел табылмаған. Қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жабылған.
Мектеп әкімшілігінің «менмендігі»
Еске салайық, Қанат Амиркин қызының жағдайына немқұрайлы қараған мектеп басшылығын айыптаған. Айтуынша, ол мектеп басшылығына мән-жайды айтып, мәселені шешуді талап еткен. Басшылық мәселені шешудің орнына салқын көзқарас танытып, әдеттегі жауаптарын айтып, жағдайды «көрмегендей» кейіп танытқан.
Кәсіпкердің қызы сабақ барысында дұрыс жауап бере алмаса, сыныптастары мазақ қылады екен. Ал мұғалімдер оқушыларды тоқтатпайтын көрінеді.
«Бүгін мен мектепке ашуға булығып бардым. Өйткені балаң жансақтау бөлімінде жатқанда, сабырлы сөйлесу мүмкін емес. Басшылықтан тек бір адам ғана адамша сөйлесті. Қалғандары менмендік танытты», – деді кәсіпкер.
18:13
455
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.