Еңбек министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жаңа басшы тағайындалды.


27/01/2026
16:43 87 0

Жарлық

 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.

 

Экс-вице-министр

 

Асқарбек Ертаев Ақтөбе қаласының тумасы. Мұғалжар ауданы әкімдігінде жұмыс істеген, одан кейін 10 жылдан астам уақыт банк секторында еңбек еткен. Кейін Ұлттық экономика министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

 

Әр жылдары Президент әкімшілігі жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қызмет етті, Премьер-министр кеңсесі мен Үкімет аппаратындағы экономикалық бөлімді басқарды, Көші-қон комитетінің төрағасы болды.

 

2024 жылдан бері — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ал 2025 жылғы маусымнан бастап — бірінші вице-министр қызметін атқарып келеді.

 

Еске салайық, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін 2023 жылдың қыркүйегінен бері Светлана Жақыпова басқарды. Бүгін Тоқаев оны қызметінен алды.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

27/01/2026 16:43
87 0

Уведомление