Димаш Құдайберген Шайдоровқа уәде еткен көлігін табыстады

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдововқа көлік сыйлаймын деген уәдесін орындады, деп хабарлайды Masa media.


27/02/2026
12:25 41 0

Qumash Instagram аккаунтында жарияланған суретке қарағанда, өнер иесі спортшыға қара түсті Hyundai Palisade жол талғамайтын көлігін сыйлаған.  Темір тұлпар ұлттық нақыштағы оюлар безендірілген. Автокөліктің алдында және жанында «Мишабай, жеңісің құтты болсын!», «Қазақстан мақтанышы» деген жазулар бар.

 

2026 жылдың ақпанындағы нарық жағдай бойынша, люкс жиынтықтағы Hyundai Palisade көлігінің құны 37 млн теңгеден асып жығылады.

 

Еске салайық, бұдан бұрын Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровты жеңісімен құттықтап, видеоүндеу жолдаған еді.

– Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі қимылың мен өнерің тек чемпион ғана емес, бүкіл жұртқа үміт пен рух, шабыт сыйлаған үлкен азаматқа айналдырды. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң – халқымыздың өкінішке қарай, маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті Денисімізді жоқтатпай, ағаңның алдындағы борышыңды, еліміздің, халқымыздың алдындағы міндетіңді жоғары деңгейде өтедің, – деген еді әнші.

фото: sports.kz

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

27/02/2026 12:25
41 0

Уведомление