«Бүкіл әлем сүйсіне қарады»: Тоқаев Рыбакинаның шеберлігіне тәнті болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады.


31/01/2026
18:27 442 0

Тоқаевтың ақжарма тілегі

 

Мемлекет басшысы теннисшінің алдағы сындарда да үздік нәтиже көрсетуіне тілектестік білдірді.

 

– Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.

 

Рыбакинаның айқын жеңісі

 

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) турнирдің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтып, Australian Open-2026 чемпионы атанды.

 

Финалдық кездесуде Рыбакина үш сетте жеңіске жетті – 6:4, 4:6, 6:4.

 

Рыбакина матчтың шешуші сетінде 0:3 есебімен артта қалып кеткенімен, сайыс соңында айқын жеңіске қол жеткізді.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

31/01/2026 18:27
442 0

Уведомление