Бибісара Асаубаева Нидерландыдағы ерлер турнирінде ТОП-5-ке кірді
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Вейк-Ан-Зееде (Нидерланды) өткен Tata Steel Chess Challengers 2026 турниріне қатысты.
Sports.kz-тің жазуынша, Асаубаева төрт мәрте жеңіске жетіп, жеті рет тең ойнады және екі рет жеңілді. Ол мүмкін болатын 13 ұпайдан 7½ ұпай жинап, бесінші орынға ие болды.
«Жыл жақсы басталды», - деді шахматшы өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Challengers турнирінде бірінші орынды 10 ұпай жинаған американдық шахматшы Энди Вудворд иеленді. Екінші орын – украиндық шахматшы Василий Иванчукке (9½ ұпай), үшінші орын Әзірбайжаннан келген Айдын Сүлейманлыға (9 ұпай) бұйырды.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айында Бибісара Асаубаева өз мансабында үшінші рет блиц бойынша әлем чемпионатын жеңген болатын.
08:52
308
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.