Бұдан былай дипломы жоқ блогерлер онлайн-курс өткізе алмайды
Бұдан былай Қазақстанда онлайн курс сататын блогерлерден өзі үйрететін сала бойынша тиісті білімі барын көрсететін дипломның болуы талап етілмек.
Жаңа заң жобалары
Жуырда бір топ сенатор Үкімет басшысы Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, әлеуметтік желідегі жарнамаларды бақылауға алуды сұраған. Премьер-министрдің депутаттарға берген жауабына сүйенсек, ақпарат саласында киберқауіпсіздікті күшейту бағытында Әкімшілік кодекске онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары әзірленген. Аталған заң жобаларына бірқатар жаңа нормалар енгізілген.
Нормалардың бірі ел аумағында онлайн-платформа өкілдігінің онлайн-платформада құқыққа қайшы контентті жою жөніндегі уәкілетті органның нұсқамаларын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді көздейді.
Курс сатасың ба – дипломыңды көрсет
«Белгілі бір салада білім беру курстарын және (немесе) оқыту материалдарын қамтитын контентті тарататын онлайн-платформа пайдаланушыларына мұндай контентті тиісті білімі бар екендігі туралы хабарламамен, диплом және (немесе) сертификат деректерін көрсете отырып сүйемелдеу міндетін белгілеу көзделеді», – делінген жауапта.
Қаңтар айында заң жобалары Үкіметтің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілген.
19:44
101
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.