БҰҰ: Эпштейн ісі «адамзатқа қарсы қылмыс» деп бағалануы тиіс
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі тағайындаған тәуелсіз сарапшылар тобы атышулы Эпштейн ісін «адамзатқа қарсы қылмыс» деп бағалауды ұсынды.
Мамандардың мәлімдемесі
Сарапшылардың мәлімдемесіне сілтеме жасаған Reuters агенттінің жазуынша, миллиондаған архивтік файлдар жаһандық деңгейдегі қылмыстық ұйымның болғанын айғақтайды.
АҚШ-тың Әділет министрлігі жариялаған құжаттарды мұқият зерттеген мамандар жасалған қылмыстардың ауқымы халықаралық құқықтағы «адамзатқа қарсы қылмыс» сипаттамаларына сай келетінін айтты.
Қылмыстар тек АҚШ емес, трансұлттық деңгейде ұйымдастырылуы, әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздардың «тауар» ретінде пайдаланылуы биліктегі жемқорлықтың қолдауымен жүзеге асырылған дейді сарапшылар. Сонымен қатар, іс материалдары Эпштейннің саясат, қаржы және бизнес саласындағы әлемнің ықпалды тұлғаларымен тығыз байланыста болғанын тағы бір дәлелдеді.
Миллиондаған парақтық құжат
Еске салайық, Джеффри Эпштейннің ісі – ХХІ ғасырдың ең даулы оқиғаларының бірі. 2008 жылы кәмелетке толмағандарды жыныстық зорлық-зомбылық және оларды адам саудасына тартты деген айыппен сотталған Эпштейн 2019 жылы Нью-Йорк түрмесінде қайтыс болғанымен, оның артында қалған материалдар әлемді әбден дүрліктірді. АҚШ Әділет министрлігі 2025-2026 жылдары «Эпштейн ісі» деп аталатын миллиондаған құжатты, видеоны және суретті жариялап, қоғамға бұрын жасырылып келген деректерді ашық таныстырды.
Эпштейн файлы – бұл адам саудасы, жыныстық қанау және ықпалды тұлғалармен байланыстар туралы 3 миллионнан астам парақ құжат, 2000-ға жуық бейне және 180 000-нан астам суреттердің жиынтығы. Жарияланған материалдардың ішінде Эпштейн мен оған жақын адамдардың қарым-қатынасы, бизнес және саяси элита арасында жүріп жатқан өзара байланыстардың кейбірі көрінеді.
13:11
45
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.