Қазақстандық фильм Францияда өткен халықаралық фестивальде топ жарды

Қазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі Францияда өткен UNIVERCINÉ FESTIVAL халықаралық фестивалінде бірден екі жүлде олжалады.


12/02/2026
09:49 271 0

Жүлде

 

Фильм Қазылар алқасының бас жүлдесін – Prix du Jury жеңіп алды. Сондай-ақ, көрермендер көзайымы – Univerciné à l’Est 2026 сыйлығына ие болды.

 

Бұл туралы фильмде бас рөлді ойнайтын актер Ерлан Төлеутай хабарлады. Ол әріптестерін құттықтап, жеңіс қазақстандық киногерлерге ортақ екенін айтты.  

 

Азия кинофестивалі

 

Өткен жылы Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі Францияда өткен 31-Vesoul халықаралық Азия кинофестивалінде де топ жарған.

 

Картина үш бірдей марапатқа ие болған. Атап айтқанда, Қазылар алқасының бас жүлдесі – Jury Grand Prize, киносыншылар алқасының жүлдесі – Critical Jury Prize, NETPAC қазылар алқасының жүлдесі – NETPAC Jury Prize.

 

Фильм жайлы

 

«Әбіл» фильмі Совет Одағы құлап, колхоз-совхоз тарап, мал-мүлік бөліске түсіп, елде жекешелендіру орын алған кезеңдегі қиянатқа ұшыраған қарапайым адамдар мен қараусыз қалған қазақ ауылындағы бейберекетсіздікті суреттейді. Сол арқылы, кинотуынды тәуелсіздік басындағы күрделі уақыт аясындағы қазақ халқының рухани кейпіне, психологиялық күйіне әлеуметтік талдау жасайды. Фильмде советтік жүйе кезіндегі адам өмірінің құнсыздығы, қазақ халқының бастан кешкен жағдайы, тұрмыс қалпы, өз елінде, өз жерінде дискриминацияға түскендігі, социализмнен капитализмге ауысу тұсындағы екіұдай сезім, сонымен қатар жемқорлықтың пайда болуы жайлы да ой қозғайды.

 

Шығармашылық ұжым

 

Фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясында, Мәдениет және Ақпарат министірлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

 

Фильмнің атқарушы продюсерлері – Серік Әбішев, Сергей Әзімов, Ерлан Бекқожин.

 

Халықаралық продюсер – Юлия Ким

 

Басты рөлдерде ойнағандар – дәстүрлі әнші, өнеранушы Ерлан Төлеутай, театр актрисасы Нұржан Бексұлтанова.

 

Рөлдерде – театр актері Әлихан Лепесбай, Ұлан Нүсіпәлі.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

12/02/2026 09:49
271 0

Уведомление