Қазақстандық блогерлерден қазынаға 500 млн теңге өндірілді

Елімізде әлеуметтік желіде жазылушысы көп 850-ге жуық блогерден қазынаға 500 млн теңге салық өндірілген, деп хабарлайды Masa media.


16/02/2026
10:14 64 0

Блогерлерден түскен қаржы жайлы «24KZ» арнасының «Түйін» бағдарламасына берген сұхбатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директорының міндетін атқарушы Ерқанат Шыңберген айтты. Оның сөзінше, комитет желіде табыс табатындардың 2022-2023 жылдардағы қызметіне назар аударған.

 

Ведомство өкілі табыс деп тек ақшалай қаражат есептелмейтінін атап өтті.

«Белгілі бір мүлік болсын, сыйлық болсын әрдайым табысқа жатады. Одан тиісінше салық төленуі қажет. Көбіне жарнама фактлеріне назар аударамыз. Себебі, бізде блогерлер көбіне жарнама арқылы табыс табады. Жалпы желілерде табыс табу мақсатында жарияланым болса, оларды міндетті түрде кәсіпкерлік қызмет деп есептейміз», – дейді Ерқанат Шыңберген.

Сондай-ақ, департамент директорының міндетін атқарушы  салықтық тексеру қандай жағдайда жүргізілетінін түсіндірді. Айтуынша, егер камералық бақылау туралы хабарлама орындалмайтын болса, мамандар салықтық тексеруге шығады.

 

«Тексеру нәтижесінде біз бұл салықты тіпті жеке шотына енгізіп, төлетуге мүмкіндігіміз бар. Осындай мәжбүрлеу шаралары бар. Одан басқа, ӘҚБК-ке сай шаралар бар. Бірінші бұзушылық үшін ескерту беріледі», – дейді ол.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

16/02/2026 10:14
64 0

Уведомление