Қазақстандық блогер «Өрмекші адамның» жаңа бөлімін таныстыратын жаһандық эстафетаға қатысты

Танымал видеограф әрі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмінің трейлерін таныстыруға арналған жаһандық науқанға қатысты.


19/03/2026
09:18 104 0

Жоба туралы

 

Жоба авторы – фильмде басты рөлді сомдайтын актер Том Холланд. Ерекшелігі – трейлер алғаш рет тұтастай емес, әлемнің әр түкпірінде тұратын инфлюенсерлердің жарияланымдары арқылы бөліп-бөліп ұсынылады.

 

Науқанның негізгі идеясы цифрлық эстафета қағидатына құрылған. Әрбір таңдалған блогерге видеодан эксклюзивті үзінді беріліп, ол оны келесі қатысушыға «табыстайды». Осылайша, түрлі уақыт белдеулеріндегі жарияланымдарды бақылаған көрермен трейлерді біртіндеп қүрастыра алады.

 

Дастан Мұхамедрахым бұл бастамада Қазақстанның ресми өкілі ретінде қатысып, болашақ трейлердің жекелеген тизерлерін алғашқылардың бірі болып ұсынған инфлюенсерлер қатарына енді. Бұл – қазақстандық әлеуметтік желі кеңістігі үшін сирек кездесетін жағдай, әсіресе Marvel сынды ірі өндірушінің жобасына қатысқандар кемде-кем.

 

Өзінің Instagram парақшасында Том Холланд науқан тұжырымдамасын былай түсіндірді: «Мұны ешкім жалғыз өзі жасай алмайды, тіпті Өрмекші адам да. Күннің шығуын әлем бойынша бақылаңыздар, сонда біздің Өрмекші адам қауымдастығы #SpiderManBrandNewDay трейлерінің басталуына бірге жол ашады».

 

 

Науқан геаграфиясы

 

Эстафета Лима, Мехико және Лас-Вегас қалаларын қамтып үлгерді. Жоба географиясы кеңейіп келеді, ал қатысушылардың жарияланымдары уақыт пен кеңістікке созылған біртұтас цифрлық премьераға айналып отыр.

 

«Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмі көрермен назарына 2026 жылғы 30 шілдеде ұсынылады. Бұл картина – Том Холланд ойнаған «Өрмекші адам» хикаясының төртінші бөлімі және оның Marvel қоржынындағы жетінші оқиғасы болмақ.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

19/03/2026 09:18
104 0

Уведомление