Қазақстандық ару армрестлингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды
Ұлболсын 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсті.
Түркістан облысы Шардара қаласының 17 жастағы тұрғыны Ұлболсын Елмұрат ересектер арасындағы армрестлингтен әлем чемпионатында екінші рет топ жарды.
Ұлболсын 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсті. Ол былтыр да ересектер арасындағы әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.
Оның былтырғы жеңісі көпшілікті таңғалдырды. Себебі қазақстандық спортшының қарсыластарының қатарында әлемнің 13 дүркін чемпионы, словакиялық Люция Дебранова да болған.

«Шредингер спорты» басылымының жазуынша, Ұлболсын армрестлингпен алты жылдан бері тұрақты айналысады. Ол аптасына бес күн, күніне төрт жарым сағаттан жаттығады. Жас спортшының табандылығы мен тәртібі осындай биік нәтижеге жетуіне жол ашқан.
Армрестлингтен 47-ші әлем чемпионаты және пара-армрестлингтен 28-ші әлем чемпионаты 26 қазан мен 7 қараша аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 60-тан астам елінен 1700-ге жуық спортшы қатысуда.
08:19
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.