Қазақстанда ең қымбат нан қай қалада?

Республика бойынша бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанның бағасы 1,8%-ға өсті.


12/01/2026
16:02 86 0

Сарапшылар есебі

 

Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) сарапшылары есептегендей, 2025 жылғы 30 желтоқсан мен 2026 жылғы 8 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанның бағасы 1,8%-ға өсіп, 2022 жылғы наурыздан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті.

 

Алайда мамандардың сөзінше, бұл өсімге іс жүзінде бір ғана қала себепкер болған. Елдегі 18 мегаполис пен облыс орталығында осы кезеңде нан бағасы өзгермеген.

 

Нанды күрт қымбаттатқан қала – Түркістан. Бұл қалада нан бағасы бірден 18,3%-ға өскен. Алайда сарапшылар 2025 жылдың Түркістанда нан бағасы өспегенін, кей кездері тіпті арзандағанын атап өтті. Сондықтан 2026 жылдың басындағы бағаның күрт секіруі есеп-қисапқа елеулі әсер етіп отыр.

 

Дей тұрғанмен, ең қымбат нан Түркістанда емес. Қазіргі таңда бұл қала нан бағасы бойынша бесінші орында тұр (1 келісі – 252 теңге).

 

Ең қымбат нан Алматыда – 1 келісі 308 теңге, ал ең арзан нан Орал қаласында – 185 теңге. Қазақстан бойынша орташа баға – бір келі нан үшін шамамен 225 теңге.

 

Қазақстандағы қымбатшылық

 

Елімізде тауарлар бағасы күн өткен сайын қымбаттап барады. Ұлттық статбюро дерегінше, 2025 жылғы жылдық инфляция 12,3% құрады. Желтоқсанда азық-түлік тауарларының жылдық деңгейі – 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 11,1%, ақылы қызметтердікі 12% өсті.

 

Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы да айтарлықтай шарықтады. Өткен жылы ең жоғары өсім Павлодарда тіркелген (+22,2% жыл ішінде), одан кейін Шымкент (+13,3%) пен Алматы (+12,6%). Баға ең көп өскен алғашқы бестікке сондай-ақ Қонаев (+11,3%) пен Талдықорған (+10,5%) кірді.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

12/01/2026 16:02
86 0

Уведомление