Қазақстанда 25 жасқа дейінгілер пойыз билеттерін 33% жеңілдікпен ала алады

Елімізде15 пен 25 жас аралығындағы жолаушыларға пойыз билеттерін 33% жеңілдікпен алу мүмкіндігі бар.


02/02/2026
10:58 350 0

Жеңілдікті қалай қолдануға болады?

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, елде 60 жастан асқан қарттарға және 25 жасқа дейінгі жастарға жеңілдіктер ұсынылып отыр.

 

Енді ел ішінде 60 жастан асқан азаматтарға теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік қарастырылған. Жеңілдікті пайдалану үшін ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу керек. Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарда орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді. Картаның бағасы – 3000 теңге. Жарамдылық мерзімі – сатып алынған күннен бастап 1 жыл.

 

«Жастар үшін де тиімді мүмкіндіктер ұсынатын жаңа «KETTİK33» дисконттық картасы енгізілді. Енді 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар KETTİK33 дисконттық картасы арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билеттерді 33% жеңілдікпен рәсімдей алады. Картаның құны – 3000 теңге, жарамдылық мерзімі – сатып алынған күннен бастап 1 жыл», – делінген хабарламада.

 

Карта иегердің атына рәсімделеді. Оны үшінші тұлғалар пайдалана алмайды. Картаны тек теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады. Рәсімдеу үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы талап етіледі.

 

Дисконттық карта бойынша жеңілдіктер билет кассаларында немесе bilet.railways.kz сайты арқылы билет сатып алынған жағдайда ғана қолданылады. Банктердің платформалары арқылы сатып алынған билеттерге жеңілдіктер қарастырылмайды.

 

Картаны қай кезде қолдануға болмайды?

 

Жеңілдіктер жыл сайын белгіленген кезеңде ұсынылады. Алайда мерекелік және каникул уақытында дисконттық карталардың қолданылуы тоқтатылады.

 

2026 жылғы 20 – 29 наурыз аралығы;

2026 жылғы 25 – 30 желтоқсан аралығы;

маусым – тамыз айлары.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

02/02/2026 10:58
350 0

Уведомление