Қазақстан Украина-Ресей қақтығысында араағайын болуға дайын

Қазақстан Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты реттеуде араағайын болуға дайын


01/03/2022
14:42 35054 0

Фото ашық дереккөзден

 

Қазақстан Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты реттеуде араағайын болуға дайын. Бұл жөнінде президент Қасым-Жомарт «Тоқаев Nur Otan» партиясының құрылтайында мәлімдеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Украинаға басып кіргелі бері көрші елдердегі жағдайға алғаш рет пікір білдірді.  Ол өз сөзінде Минск келісімі қағаз жүзінде қалғанын, геосаяси жағдай бұрын соңды болмаған дәрежеде ушыққанын айтты. 

—  Минск келісімі қағаз жүзінде қалды. Оның соңы Украина аумағындағы әскери қимылға соқтырды. Геосаяси жағдай бұрын-соңды болмаған дәрежеде ушықты. Өкінішке қарай, қазір бұл тенденцияның қайтымсыздығы туралы айту орынды. Сол себепті біз екі мемлекетті (Ресей мен Украина - ред.) келіссөз арқылы өзара тіл табысуға, келісімге келуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. Жақсы даудан нашар бейбітшілік артық. Бейбітшіліксіз даму жоқ. Қазақстан өз тарабынан көмектесуге, қажет болса араағайын болуға дайын— деді Тоқаев. 

Бұдан бөлек, ол Ресейге салынған санкциялардың Қазақстан экономикасына кері әсеріне дайын болу қажеттігін алға тартты. 

Ресей әскерінің Украинаға басып кіргеніне алты бес күннен асты. Киев осы уақыт аралығында Ресейдің үш мыңнан астам сарбазы қаза тапқанын мәлімдеді. Ресми Мәскеу бұл мәлімдемені растап немесе жоққа да шығарған жоқ. 27 ақпанда әскери операция кезінде қаза тапқан сарбаздар бар екенін алғаш рет мойындады. Бірақ санын айтпады. Украина тарапынан жүздеген адам опат болған. Олардың ішінде бейбіт тұрғындар да бар. 

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін АҚШ, Ұлыбритания, Еуроодақ елдері Мәскеуге салынған санкцияларды күшейткен. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

01/03/2022 14:42
35054 0

Уведомление