Қазақстан парламентінің өкілеттігі қашан тоқтайды
Қазақстанның қазіргі парламенті өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатады. Бұл туралы Ата заң жобасында айтылған.
Құрылтай сайлауы
Жаңа Конституция жобасының 95-бабына сәйкес, Ата заң күшіне енгеннен кейін президент бір ай ішінде Құрылтай сайлауын жариялауы керек. Ол екі ай ішінде өткізілуі қажет. Бірінші шақырылған Құрылтай өзінің бірінші сессиясына жиналған кезде елдің негізгі мемлекеттік органдарын жасақтау жұмыстары басталады.
Екі айдың ішінде президент депутаттардың келісімімен вице-президентті тағайындауы керек. Сол мерзімде Конституциялық Соттың төрағасы мен судьялары тағайындалады. Жаңа құрам жасақталғанға дейін қазіргі судьялар жұмысын жалғастырады.
Сондай-ақ Құрылтайдың бірінші сессиясынан кейін Орталық сайлау комиссиясы мен жоғары аудиторлық Палатаның жаңа құрамдары бекітілуі тиіс.
Бұдан бөлек, Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде президент Жоғарғы Соттың төрағасын, Ұлттық банктің басшысын, бас прокурорды, ҰҚК төрағасын, Жоғары Сот кеңесінің төрағасын және адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындауы қажет.
Референдум
Еске салайық, Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. Тиісті Жарлыққа 11 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды. Құжаттың жаңа нұсқасын толығырақ осы тұстан көруге болады.
11:53
272
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.