Қазақстан азаматтарына баруға болмайтын 14 ел аталды

ҚР СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты ел азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Masa media.  


10/03/2026
20:40 88 0

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, кейбір қазақстандықтар соғысқа қарамастан Таяу Шығыс елдеріне демалуға баруын жалғастырып жатыр. 

 

«Маған нақты жағдайлар жеке белгілі емес, алайда мұндай ақпараттар түсіп жатыр. Әлеуметтік желілерден де кейбір азаматтардың бұл елдерге барғысы келетінін көріп отырмын. Сол себепті біз бірнеше рет ескерту жарияладық. Мен де бірнеше мәрте азаматтарды бұл мәселеге өте мұқият қарауға шақырамын. Қауіпсіздік ең бірінші орында тұруы тиіс, сондықтан жағдайды жан-жақты ескеріп, салмақты шешім қабылдау қажет», – деді Ерлан Жетібаев.

 

СІМ өкілі Қазақстан азаматтарын соғыс тоқтағанша Таяу Шығыс елдеріне бармауға үндеді.

«Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-әрекеттер толық тоқтағанға дейін келесі елдерге барудан бас тартуға қатаң түрде ұсынамын: Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман және Сирия», – деді Жетібаев.

Айта кетейік, эвакуация жұмыстары басталғалы Таяу Шығыс елдерінен 8,5 мыңнан аса қазақстандық елге оралды. Дипломаттар азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

10/03/2026 20:40
88 0

Уведомление