Қазақ қыздарына тіл тигізген ресейлік стримерлер 7 жылға сотталуы мүмкін

Полиция ресейлік стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаевты «ұлтаралық араздықты қоздыру» бабы бойынша тергеп жатыр, деп хабарлайды Masa media.


11/02/2026
15:36 366 0

Бас прокуратура мәлімдемесі

 

Стримерлер ісіне қатысты сауал бүгін Астанадағы брифингте Бас прокурордың орынбасарына қойылған.

 

«Полиция Қылмыстық кодекстің 174-бабы – «ұлтаралық араздықты қоздыру» әрекеті бойынша тексеру жүргізе бастады», – деп жауап берді Ғалымжан Қойгелдиев.

 

Бұл бап бойынша күдіктілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір Абдуллаев пен Пашаев Алматы қамауда отыр.

 

Белсенділердің талабы

 

Еске салайық, стримерлер TikTok-та тікелей эфир жүргізу барысында қазақтарды малға теңеп, қазақ қыздарының ар-ұжданына тиетін сөздер айтқан. Қазақстандық белсенділер оларды жауапқа тартуды талап етті. Содан кейін ғана полиция оларды «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік жазаға тартты. Сот екеуін 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

 

Көп ұзамай белсенділер жаза тым жеңіл екенін мәлімдеп, Алматы полициясына оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз жазған. Қазір Абдуллаев пен Пашаевтың әрекеті қылмыстық бап негізінде тексеріліп жатқаны белгілі болды.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

11/02/2026 15:36
366 0

Уведомление