Қазақ музыкасы Instagram мен Facebook-ке қайта оралды
ҚазАҚ пен Meta қандай мәмлеге келді!

Ninety One группасы. Сурет ашық дереккөздерден
Meta компаниясы мен Қазақстан авторлық қоғамы (ҚазАҚ) Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде қазақстандық музыканы пайдалану тәртібін реттейтін келісімге қол қойды. Бұл туралы әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрайымы Шолпан Әбдреева брифинг барысында мәлімдеді.
2023 жылдың қарашасынан бастап Meta компаниясының қосымшаларында қазақстандық орындаушылардың музыкалары авторлық төлемдерге қатысты келіспеушіліктерге байланысты қолжетімсіз болды. Осыдан кейін Әділет және Мәдениет министрліктері Марк Цукербергтің компаниясымен келіссөз жүргізіп, нәтижесінде тараптар екі жылға авторлық құқықты сақтау туралы келісімге қол қойды.
Өткен аптаның соңынан бастап қазақстандық орындаушылардың әндері әлеуметтік желілерге қайта жүктеле бастады.

Пікірлер жоқ.