Астанада «бэби-бум»: перзентханаларда орын жетіспей жатыр

Астанада бала босану көрсеткішінің өсуіне байланысты перзентханаларда орын тапшылығы артқан.


02/02/2026
16:57 330 0

Жаңа нысандар қашан салынады?

 

Қала басшысы Жеңіс Қасымбектің айтуынша, кейінгі 10 жылда Астанада босану көрсеткіші 35 пайызға өскен. Соның салдарынан перзентханаларға түсетін жүктеме артқан. Осы мәселені реттеу үшін қала билігі медицина нысандарын жаңартып, жаңасын салғалы жатыр.

 

«Осы мәселені шешу үшін қалада әрқайсысы 250 орынға арналған екі перинаталдық орталық салынатын болады. Алғашқы перинаталдық орталық «Самұрық-Қазына» АҚ қаражаты есебінен салынады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы жүріп жатыр, нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Екінші перинаталдық орталық бойынша биыл жобалау жұмысын аяқтау, ал нысанды 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр», – дейді қала әкімі.

 

Қазақстандағы демографиялық ахуал

 

Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы мәліметіне сәйкес, Астана тұрғындарының саны 1,63 млн адамға жетіп, жыл басынан бері 102 мыңға көбейген.

 

Дегенмен, мамандар соңғы он жылда Қазақстан халқының табиғи өсімі біртіндеп баяулап келе жатқанын айтады. Covid-19 кезіндегі «бэби-бум» уақытша өсімді көрсетті. Егер 2021 жылы елде 445,8 мың бала дүниеге келсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 388,4 мыңға дейін төмендеді. Ал 2024 жылы туу саны шамамен 365,9 мың болуы мүмкін деп болжанып отыр. 2025 жылы бала туу көрсеткіші небәрі 324 мың баланы құрауы ықтимал.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

02/02/2026 16:57
330 0

Уведомление