«Ашық соғыс бастаймыз»: Пәкістан Ауғанстан қалаларына соққы жасады
Пәкістан Кабул және Кандагар мен Пактия провинциясы аумақтарына әуе соққысын жасады, деп хабарлайды Masa media.
Олардың басты нысанасы елдің әскери нысандары болған. Бұл туралы Ауғанстанның жоғарғы көшбасшысының баспасөз хатшысы Забиулла Моджахед мәлімдеді.
Пәкістан қорғаныс министрі Хаваджа Асиф Х әлеуметтік желісінде НАТО күштері шыққаннан кейін Ауғанстанда бейбітшілік орнайды деп күтілгенін, ал тәлібтер халық мүддесіне және өңірдегі бейбітшілікке назар аударады деп ойлағанын айтты.
«Олар Ауғанстанға бүкіл әлемнен террористерді жинап, терроризмді экспорттай бастады. Халықтың негізгі адам құқықтарын шектеді. Әйелдерге ислам кепілдік берген құқықтарды бермеді», – деп жазды Хаваджа Асиф.
Ол сонымен қатар Пакистан қалыпты жағдайды сақтау үшін барлық күш-жігерін салғанын, тікелей өз күштерімен де, достық елдер арқылы да әрекет жасағанын атап өтті.
«Біздің күштеріміз қарсы тұруда. Пәкістанның өткен кезеңдегі рөлі оң болды. Ол 50 жыл ішінде 5 миллион ауғандықты қабылдады. Тіпті бүгін де миллиондаған ауғандық біздің елде күн көріп жүр. Біздің шыдамымыз таусылды. Енді біз сіздерге ашық соғыс бастаймыз», – деп қорытындылады Пәкістан қорғаныс министрі.
Айта кетейік, соңғы бірнеше айда Ауғанстандағы «Талибан» үкіметі мен Пәкістан арасындағы қатынастар ушыға түсті.
фото: bloomberg.com
10:28
50
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.