Аса ауыр санаттағы іс: Жанабыловтар 7 жылға сотталуы мүмкін

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ісі күрделене түсті, деп хабарлайды Masa media.


01/02/2026
09:52 415 0

Істің мән-жайы

 

Блогерлердің адвокаты Жасұлан Рахымғалиевтің мәлімдеуінше, ерлі-зайыптылардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігі бойынша сараланып отыр.

 

218-бап, яғни қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру дерегі бойынша қозғалған іс аса ауыр санатқа жатады және бұл бап бойынша айыпталғанлар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Тергеу органдары әлеуметтік желілер арқылы жиналған қаражатты заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған кіріс деп бағалап, оны «заңдастыру» белгілерін анықтаған. Бұдан бөлек, іс материалдарында прокурор тарапынан мемлекет мүддесіне қатысты талап-арыз тіркелген. Онда азаматтардан жиналған қаражатты мемлекет кірісі ретінде өндіріп алу мәселесі көтеріліп отыр.

 

Адвокаттың сөзінше, блогерлерге қатысты бұлтартпау шарасы қаралып жатыр. Әзірге нақты қандай шара қолданылатыны беймәлім.

 

Блогерлердің ісі

 

Еске салайық, бұдан бұрын Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованы лицензиясыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тергеу олардың әлеуметтік желілерде ақша, автокөлік және өзге де бағалы сыйлықтар тігілген ұтыс ойындарын тұрақты түрде өткізгенін анықтаған.

 

Іс материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне жолданып, қаржы операцияларына қатысты қосымша тексеріс жүргізіле бастады.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

01/02/2026 09:52
415 0

Уведомление