Apple жуырда MacBook-тің арзан нұсқасы мен iPhone 17e-ні таныстырады
Apple 4 наурызда өтетін іс-шарада бірқатар жаңа құрылғыларды таныстырмақ.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, қалың көпшілікке таныстырылатын жаңа өнімдер арасында MacBook ноутбугының арзан нұсқасы да бар.
«Apple Inc. 4 наурызда жаңа өнімдердің тұсаукесері болатынын жариялады және компания алдағы апталарда бірнеше жаңа құрылғыларды жариялауды жоспарлап отыр», - деп жазады агенттік Apple жіберген шақыруға сілтеме жасап.
Компания нақты не ұсынатынын жарияламаған. Дей тұрғанмен, агенттік Apple бірнеше жаңа құрылғыны, соның ішінде MacBook Pro ноутбуктары, және MacBook-тың арзан нұсқасы – MacBook Air, сондай-ақ iPad планшеттерінің жаңа модельдері дайындалғанын атап өтті. Компания сонымен қатар iPhone 17e смартфонын таныстыруды жоспарлап отыр.
Apple веб-сайтында ресми түрде ұсынылған ноутбук модельдерінің ішіндегі ең арзаны – дисплей диагоналі 13 дюймді құрайтын MacBook Air 2025, оның құны 999 доллардан басталады.
09:07
52
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Пікірлер жоқ.